18 сәуірдегі вебинар: Әлеуметтік медиа аналитикасы деректері арқылы сапалы трафикке қалай қол жеткізуге болады

18 сәуірдегі вебинар: Әлеуметтік медиа аналитикасы деректері арқылы сапалы трафикке қалай қол жеткізуге болады

Орталық Азия аудиториясы үшін арнайы вебинар.

Бизнестің табыстылығына апаратын жол клиенттердің қажеттіліктері мен қалауларын терең түсіну арқылы жатыр.

Әлеуметтік медиа мен БАҚ аналитикасы бизнесті масштабтау үшін негізделген шешімдер қабылдау барысындағы маңызды құралға айналуда. Неліктен сіздің өніміңізді сатып алатынын, оны қандай қасиеттері үшін таңдайтынын және клиенттеріңіз қайта-қайта сатып алуына не көмектесетінін қалай түсінуге болады? Жауаптар әлеуметтік медиа мен БАҚ деректерінде бар.

Пайдаланушылар бренд туралы және онымен өзара әрекеттесу тәжірибесі туралы өз пікірлерімен әлеуметтік желілерде, шолу сайттарында және маркетплейстерде, геосервистерде, блогтарда және т.б. бөліседі. Сапалы деректерді жинап қана қоймай, оларды дұрыс талдай алатын компаниялар артықшылыққа ие. Ақпараттық өріс мониторингі маркетингті, PR және клиенттерге қолдау көрсетуді тиімдірек етуге қалай көмектесетінін айтамыз. Вебинарға 11 сәуірде сағат 12:00-де қосылыңыз (Астана және Ташкент уақыты бойынша, GMT+5).

Вебинарда сіз мыналарды білесіз:

  • Нысаналы аудиторияны қалай талдауға, тұтынушылардың маңызды сегменттерін және олармен байланысудың тиімді арналарын қалай табуға болады.
  • Деректерге негізделген маркетинг пен PR компанияларға нарықта стратегиялық артықшылыққа қол жеткізуге қалай көмектеседі.
  • Бәсекелестік талдау мен өнімді зерттеуді, клиенттік сервисті жақсартуды және маңызды басқару шешімдерін қабылдауды  қалай іске асыру керек.
  • Пайдаланушылармен қарым-қатынасты қалай құруға және ықтимал беделдік дағдарыстардың алдын қалай алуға болады.
  • Клиенттердің кері байланысы негізінде өнім мен сервисті қалай дамытуға болады — кейстен мысал келтіреміз.

Бұл вебинар кімге арналған

Маркетинг, коммуникация және өнімді басқару саласындағы басшылар мен мамандар үшін.

Вебинар әлеуметтік медиа мен БАҚ аналитикасы туралы ешқашан естімегендер үшін де, жүйені таңдауды ойлап жүрген немесе белсенді қолданушылар үшін де пайдалы болады.

Вебинарға қатысу тегінтіркеліңіз, біз сізге іс-шара туралы алдын ала еске саламыз. Трансляцияға сілтеме вебинар күні келеді.

Тегін демонстрациялық қолжетімділік

Дербес кеңесші демонстрация өткізеді және сіздің бизнес тапсырмаларыңызды ескере отырып жүйені сынап тексеруге көмектеседі

Демо сұрату

Соңғы мақалалар

10 шілдедегі вебинар: Талда, ілгерілет, әсер ет — әлеуметтік желілерді және басқа әлеуметтік медианы талдау өсу нүктелерін табуға және ілгерілетуді оңтайландыруға қалай көмектеседі

Өзбекстандағы бизнеске арналған әлеуметтік медиа аналитикасы бойынша алғашқы конференция аншлаг жинады

Жаңа нарыққа қалай шығуға және сатып алушыларыңызды қалай табуға болады: әлеуметтік медианы талдау арқылы табысты ілгері жылжытудың 3 кейсі

Жаңа нарыққа қалай шығуға және сатып алушыларыңызды қалай табуға болады: әлеуметтік медианы талдау арқылы табысты ілгері жылжытудың 3 кейсі

Brand Analytics Өзбекстанның Маркетингтік қауымдастығымен серіктес болды