Орталық Азия аудиториясы үшін арнайы вебинар.
Қазіргі digital әлемінде көшбасшылықтың кілті — деректер. Әлеуметтік желілер мен әлеуметтік медиа — бұл жай ғана байланыс алаңдары емес, бизнесті ілгерілету мен дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеу үшін мол деректер көзі. Вебинарда деректерге негізделген маркетинг компанияларға нарықта артықшылыққа қол жеткізуге қалай көмектесетінін айтып береміз. Сіз трендтік контент пен тұтынушылардың кері байланысы ілгерілетуді оңтайландыруға қалай көмектесетінін және әлеуметтік желілердегі бәсекелестік талдауды өсу құралына қалай айналдыруды үйренесіз.
Вебинарға 10 шілдеде сағат 14:00-де қосылыңыз (Астана және Ташкент уақыты бойынша, GMT+5).

Вебинарда сіз мыналарды білесіз:
- Әлеуметтік желілер мен басқа да әлеуметтік медиа аналитикасы бизнес мәселелерін шешуге, бизнесті масштабтауға және нарықта стратегиялық артықшылыққа қол жеткізуге қалай көмектеседі.
- Алдымен қандай сандық және сапалық SMM көрсеткіштеріне назар аудару керек.
- Бүгінгі таңда қандай контент трендте және оның тиімділігін қалай бағалауға болады.
- Әлеуметтік медиа деректері негізінде бәсекелестік талдауды қалай жүргізуге болады.
- Әлеуметтік медиадағы бәсекелестерді талдау арқылы интеграция үшін авторларды, ілгерілету үшін жаңа арналар мен идеяларды қалай табуға болады.
- Компаниялар блогерлермен интеграция жасау арқылы бюджетті шашпай, инфлюенсерлерді қалай табу керек.
Бұл вебинар кімге арналған
Маркетинг, коммуникация, PR және SMM саласындағы басшылар мен мамандар үшін.
Вебинар әлеуметтік медиа аналитикасы, әлеуметтік желілерді басқару сервистері және әлеуметтік желіде ілгерілету туралы бұрын-соңды естімегендерге де, жүйені таңдауды ойластырған, белсенді қолданушы немесе өз ілгерілету стратегияларын жақсартқысы келетіндерге де пайдалы болады.
Вебинарға қатысу тегін — тіркеліңіз, біз сізге іс-шара туралы алдын ала еске саламыз. Трансляцияға сілтеме вебинар күні келеді.