Brand Analytics Қазақстан мен Орталық Азияда әлеуметтік медиа талдауы бойынша алғашқы индустриялық конференцияны өткізді — Brand Analytics Сonference Kazakhstan 2024

Қорытынды BA Conf KZ

2024 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Brand Analytics ұйымдастырған әлеуметтік медиа талдауы бойынша Қазақстандағы алғашқы индустриялық конференция өтті. Іс-шараға маркетинг саласындағы нарық сарапшылары, Қазақстан мен Орталық Азияның ірі брендтері мен жетекші маркетингтік агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Конференцияны аша отырып, Brand Analytics клиенттік департаментінің директоры Марина Попова іс-шараға мамандар тарапынан үлкен қызығушылық болғанын атап өтті.

«Әлеуметтік медиа аналитикасы тақырыбы мамандардың осындай үлкен реакциясын тудырғанына және бүгін залымыз толық болуына қуаныштымыз. Әлеуметтік медиа аналитикасы – қазіргі заманғы маркетингтің негізгі бағыттарының бірі, және біз оның Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда дамуы үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз«

Марина Попова Марина Попова Brand Analytics

Конференция аясында аймақтағы Brand Analytics бизнес-стратегиясы, ең жаңа ML-технологияларды пайдалана отырып аналитика жасау жүйесінің мүмкіндіктері және Қазақстанның әлеуметтік желілерінің жаңа зерттеуі ұсынылды. Қатысушыларда қазақстандық брендтер мен агенттіктердің әлеуметтік медиа аналитикасын қолдануының сәтті кейстерінің презентациясы үлкен қызығушық тудырды.

«Астана Моторс» digital-маркетинг бағытының басшысы Сарыбек Дінмұхамед

Мысалы, «Астана Моторс» digital-маркетинг бағытының басшысы Сарыбек Дінмұхамед және AMDG/RQ агенттігінің беделмен жұмыс жасау жөніндегі департамент басшысының орынбасары Денис Тиньков «Автокөлік иесінің жолы: Қазақстан нарығында инсайттарды іздеу» кейсімен таныстырды.

Media System Group басқарушы серіктесі Артык Кузьмин

Media System Group басқарушы серіктесі Артык Кузьмин «Банк қызметтеріндегі сервиске қанағаттану факторлары» зерттеуі туралы айтып берді.

Digital Head of Bank RBK Тимур Менлибаев

Digital Head of Bank RBK Тимур Менлибаев және «Сидорин Лаб» агенттігінің мониторинг және аналитика департаменті басшысының орынбасары Наталия Кладова «RBK Bank мысалында банктер үшін үздік ORM тәжірибелері» деген кейспен сөз сөйледі.

Index агенттігінің ORM-бөлімінің басшысы Шахзод Мұхтаров

Index агенттігінің ORM-бөлімінің басшысы Шахзод Мұхтаров «Банктер мен цифрлық компаниялардың қажеттіліктері үшін әлеуметтік медиа аналитикасы. Өзбекстан брендтерінің тәжірибесі» сәтті кейсін таныстырды.

Виктор Елисеев «Select Group», Александр Лихтман «ITCOMMS», Шахзод Мухтаров «Index», Айнур Тлесова «Innoforce.kz»  мен Евгения Кузнецова «Сидорин Лаб» қатысуымен панельдік пікірталас

Орталық Азиядағы әлеуметтік медиа аналитикасының жағдайы мен даму перспективаларына арналған пікірталас ерекше қызығушылық тудырды. Пікірталасқа нарықтың белгілі сарапшылары қатысты: Виктор Елисеев (Select Group), Александр Лихтман (ITCOMMS), Шахзод Мұхтаров (Index), Айнұр Тлесова (Innoforce.kz) және Евгений Кузнецов (Сидорин Лаб). Талқылаудың негізгі мәселесі әлеуметтік медиа аналитикасымен жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыру керек – агенттікпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы ма немесе өз инхаус командасын баптау арқылы ма.

Конференциядан кейінгі күні, 19 қыркүйекте, Brand Analytics компаниясының Brand Analytics серіктестік бағдарламасына арналған Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші агенттіктерімен іскерлік кездесуі өтті. Кездесуде алтын серіктестік мәртебесі бар диплом Медиа Систем агенттігіне, ал қола мәртебелі диплом Index агенттігіне табысталды.

Олег Болдырев, Brand Analytics алтын серіктесі мәртебесінде дипломы бар Медиа Систем атқарушы директоры

Brand Analytics клиенттік департаментінің директоры Марина Попова дипломдарды табыстау кезінде.

«Біз Қазақстандағы алғашқы және негізгі серіктесіміз болған және нарықта өзіміз туралы дауыстап жариялауға көмектескен Медиа Систем агенттігіне алғысымызды білдіреміз. Коммуникациялық нарықтың көшбасшыларының бірі болып табылатын Медиа Систем компаниясының 25 жылдан астам тарихынан айырмашылығы, Index агенттігі – бұл Өзбекстанның жас, амбициялы агенттігі, ол бірнеше жыл ішінде кәсіби тұрғыдан да, Өзбекстандағы ORM және әлеуметтік медиа аналитикасы нарығын нөлден бастап дамыту тұрғысынан да үлкен секіріс жасай алды» — деп айтты.

Марина Попова Марина Попова Brand Analytics
Brand Analytics, Марина Попова
серіктестің қола мәртебесі бар дипломын Index, Шахзод Мұхтаровқа табыстауда

Салтанатты бөлімнен басқа, Brand Analytics компаниясы серіктестік бағдарламасын ұсынды. Жұмыс пікірталасы барысында кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша агенттіктердің өкілдері іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады және Орталық Азиядағы Brand Analytics серіктестік бағдарламасының үлкен әлеуетін атап өтті.

Тегін демонстрациялық қолжетімділік

Дербес кеңесші демонстрация өткізеді және сіздің бизнес тапсырмаларыңызды ескере отырып жүйені сынап тексеруге көмектеседі

Демо сұрату

Соңғы мақалалар

13 қарашадағы Астана қаласындағы семинар: Қоғам мен мемлекеттің міндеттерін шешуге арналған әлеуметтік медиа аналитикасы

Albato — 600+ сервиспен байланыс құруға арналған платформамен интеграцияны қостық

Albato — 600+ сервиспен байланыс құруға арналған платформамен интеграцияны қостық

Көбірек хабарламалар, тақырыптар, автотегтер мен ережелер, сондай-ақ барлық тарифтердегі дереккөздердің барлық түрлері

Көбірек хабарламалар, тақырыптар, автотегтер мен ережелер, сондай-ақ барлық тарифтердегі дереккөздердің барлық түрлері

«Промо санаттар» тізімін кеңейттік

«Промо санаттар» тізімін кеңейттік